Қазақы дәстүр – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қазақы дәстүр» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1130
Кіріңіздер!
Берірек жүріңіздер,
Ауыл-аймақ аман ба?
Осы күні
Елді аңсаған адамның бірі біздер.
Жігіттер, шешініңдер!
Өз үйіңдей көріңдер, көсіліңдер,
Алағызып тұратын болып алдық,
Елден біреу келмесе осы күндер.
Келіңіз,
Келіңіздер!
Мәре-сәре боп қалдық тегі біздер,
Шай да қайнап тұр еді,
Төрге шығып,
Жастық алып, жайғаса беріңіздер.
...Қала дәмі,
Алыңыз,
Алыңыздар!
Мынадай да бір-бірді бәріңіз де ал!
Шүкіршілік, ақсақал,
Жүріп жатқан осындай хәліміз бар.
Ер қатарлы
...Асығыстық жасаса осы ініңіз,
Кешіріңіз, ақсақал, кешіріңіз.
Жөн сұрасып алсақ па деп жатырмын.
Кешіріңіз!
Кім еді есіміңіз?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақы дәстүр өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Қазақы дәстүр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақы дәстүр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақы дәстүр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері