Өлең, жыр, ақындар

Басынба

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 780
Тасуын-ай,
Басынуы-ай мынаның, —
Жақпай қойды жұртым ғашық жыр — әнім,
Өзімді әлді, сөзім дәмді демейтін
Кердеңінен керең болды құлағым!
Мен де елімнің екі тумас ер ұлы ем,
Неге саған құбыжықтай көрінем?
Нақұрыстау "нәнің" де емес едім ғой,
Көрі жуық, кәрің де емес, төрінен.
Төңірегің толып алған құл мен күң,
Құл мен күңге күңкіл-күңкіп тіл бердің.
"Көзіңді ашып қарасаңшы, қалқам-ау, —
дегім келіп тұрады ылғи:
— Бұл — менмін!"
Мені де сол құлдың бірі еткің кеп,
Жауыр аттай жайдақ міне кеткің кеп,
Нығыздала,
тығыз ғана сызданып,
Артық-ауыр сөз айтасың екпіндеп.
Кеңістікті қимағандай, кеңсемді,
Езгің келіп ерге біткен еңсемді.
Қатар жұмсап өрің менен зәріңді,
Жүргеніңді қайдан білсін ел сорлы.
Әңгір таяқ үйірердей төбемнен,
Бөле жара түйілердей көп елден
Құлағымда ойнайтындай құрбақа,
Құдыққа да құлай қойған жоқ ем мен!
Дос та бола қоймаспын мен, қасың да,
Тісің кетер — тістенбей жүр асылға.
Ұры бұғар, ұлық ұғар тілім бар,
Тас жармаса — бас жарады...
Басынба! 



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайда барып

  • 0
  • 0

Қайдағы күйкі тірлік,
күңкілге еріп,
бара ма күннен-күнге күлкім кеміп,
шалардай ызғар-өмір үсігі анық,

Толық

Көңіл

  • 0
  • 0

Құлын-тайдай тебісіп, тепкілесіп,
көңіл шіркін көлді ұрттап, кекті кешіп,
қызыл-жасыл дүние оттарына
көкпарына — дүрліккен — кетті ілесіп!

Толық

Баласымын қазақтың

  • 0
  • 0

Баласымын қазақтың
Руға да бөлме мені, жүзге де,
Жершілдердің арасынан іздеме, –
Сәкен Иманасов

Толық

Қарап көріңіз