Бетін емес, шетін беріп – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Бетін емес, шетін беріп» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 599
Бетін емес, шетін беріп,
кетті ме деп өмір ұдай,
аш арыстан секілденіп,
аласұрған көңілім-ай!...
Арғымақ-үн қалды аңырып,
шаң да шықпай тұяқтардан,
өте берді алдап үміт,
алдамайтын сияқтанған.
Қай құдірет бүлдірді өзі,
бөрліктірген кім еді елді, —
қарап тұрып
күннің көзі
қарауытып жүре берді...
Азығындай күнбе-күнгі
кешегі асқақ арманы ұмыт.
... Қайтсем екен бұл көңілді,
айдалада қалған ұлып!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бетін емес, шетін беріп өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Бетін емес, шетін беріп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бетін емес, шетін беріп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бетін емес, шетін беріп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері