Қаншама қыз-қыз қан қайнап – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қаншама қыз-қыз қан қайнап» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 659
Қаншама қыз-қыз қан қайнап,
қармана басып, қорқақтай,
қырсығып тірлік, жанбай бақ,
қыстығушы едім жол таппай,
телміріп көпке көз үнсіз,
термелеп айтып аздап ән,
құралай құрбым, өзіңсіз
көрсоқыр бола жаздағам;
ащы уын жұтып қайғының,
айырылған шақта дәрменнен,
аңсата жетіп, Ай-күліп,
сен емес пе едің әл берген;
тұрып та жүріп, құлап та,
әлі де болса торығам.
Амалым қанша, бірақ та
саған да сирек жолығам.
Қамымен кетіп бір бастың,
томсарып бірде баладай,
Қатарлас құрбы-құрдастың
көңіліне де қарамай,
Ашынып жүрген кезімде
өзімді асқақ санап тым,
жанашыр достың езін де
қаншама жерге қараттым.
Таусыла жаздап төзім шың,
аласұрғанда алқына,
өнеге болып өз үлгің
түсуші ем тағы қалпыма
Бастар деп тосын жол қайда,
кеудемді кернер тың сұрау,—
амал не, қалқам, сондайда
қасымда болмай жүрсің-ау.
Тірліктің жолы сан тарау,
түсе алмай жүрсем біріне,—
Қадірі бөлек қалқам-ау,
таусылған ба арман тіріде.
таппадым төте жолды да,
түңіліп кейде бәрінен,
мұратым биік болды ма,—
жете алмай келем әлі мен.
Шыңдарға шырқау бет түзеп,
шырқаған шақта қас-қағым,
желіккен ойға жоқ күзет,—
жемтігі болды басқаның.
Кеудемде сыңсып байырғы ән,
жырылып тағы қалдым ба?—
Сені де менен айырған
Не десем екен тағдырға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаншама қыз-қыз қан қайнап өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Қаншама қыз-қыз қан қайнап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаншама қыз-қыз қан қайнап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаншама қыз-қыз қан қайнап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері