Бұл бетте «Аяулым» атты Жасал Оқапов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бірден-бірге азайып отты өлеңім, Көз мұңымен қарайды көпке көңілім. Өткені ме шынымен жазғы наздың, Өткені ме шынымен көктемемнің?
Бірін берсе құдайым бірін бермес. Дүние дəмі дəйімі шырын келмес. Қайтсем ғана халімді түзеймін деп Тірлігінде тірі жан тыным көрмес.
Телегей теңіз бүгін долыланып, Жағаға жатыр сойқан салып анық. Қара күш қайырылады, майырылады Қанатын қара тасқа соғып алып!
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі