Бір бидай – Иса Байзақов

Бұл бетте «Бір бидай» атты Иса Байзақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.11.2015
  • 1
  • 0
  • 3030
Сайрасаң, бауырларым, мендей сайра,
Бақытты өмірінде күндей жайна,
Құлпырған ұлы күннің жұлдыздары,
Сәулеңмен күнмен талас, теңел айға.

Қайырмасы:
Шарықта, достар,
Бақытты жастар.

Құлпыртып ән салайық түрден түрге,
Басайық ілгері адым өрден өрге.
Шаттықтың шарықтатқан тасқынында,
Қосылып шырқатайық әнді бірге.

Қайырмасы:
Шырқатып әнді,
Әсерлі сәнді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері