Бағы қайда көктемнің, бағы қайда – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Бағы қайда көктемнің, бағы қайда» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.06.2021
  • 0
  • 0
  • 1037
Бағы қайда көктемнің, бағы қайда,
созыла ма қыс тағы жарым айға.
Ұмтылғанға тағы да жетпей ме қол,
атқан оғым тағы да дарымай ма.
Ыстық нандай батырған сарымайға,
балқып, еріп отырмын тағы да ойға.
Қорғасындай миы бар мына бастың
қадірі жоқ кезі кеп тарыдай да.
Қайда бағы көктемнің, қайда бағы,
ықтасынға көр-қоқым айналады.
Болмасты ойлап, келместі күтуменен
бір тал шаштай үмітпен байланамын...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері