Бұл бетте «Абай ескерткішіне» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір сенімі бар еді маған да елдің,
"Ұлғайды арман", мендағы алаң болдым.
Ымыртта ымырт құсап қоңырайып,
өзімді іздеп шығып ем — саған келдім.
Кетті дейді жыр оңбай... құрсын бәрі,
сыншылар жүр том жазып, ырсыл қағып...
Жүз мода өзгерді ғой, мың бір заман,
түйе жүн күпі киіп тұрсың ба әлі?!
Қара шал-ай, қарашы мойын бұрып:
жырды алдым шау тарттырып, қойылдырып.
Басқа барар жерім жоқ, саған келем
қалғанда сөзім жүдеп, ойым құрып.
Таппаған соң өлеңмен жүрек емін,
бір-ақ сілтеп қолымды жүрер едім:
туатұғын сықылды бүгін-ертең
мраморға жазылар бір өлеңім.
Қажып келдім қасыңа қалғиыншы,
не қарғыс, не бата айтшы... ал құйылшы.
Сен маған туған жерім сияқтысың,
аңсағанда келетін шалдың исін...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі