Тау баурайы бу боп тұр, бұлыңғыр тұр –
Жұмекен Нәжімеденов
Бұл бетте «Тау баурайы бу боп тұр, бұлыңғыр тұр» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған табиғат туралы өлең берілген.
Тау баурайы бу боп тұр, бұлыңғыр тұр,
тістеп қапты тентек жел тілін қырқып.
Алба-жұлба жасады-ау бұлттың төсін
шыршалардың бұтағы іліп-жыртып.
Қара қасқа шыңдардың қатты басы,
бірін-бірі шындар тұр атқыласып.
Өрмелеймін биікке,
тауларым-ау,
қандай ғана тағдырға тап қыласың!
Қажасып тұр қарт шыңдар, кекесіп тұр,
бірінде бет, бірінде шеке ісіп тұр.
Өрмелеймін биікке,
тағдырым-ау,
мына мені алдымда не тосып тұр?!
Ала бұлақ, ағылшы, шапқылашы,
жан-күйіңді жалғанға лақтыр ашып.
"Мына шіркін қайтеді-ай" деп жантайып
"найза қара" желкесін жатты қасып.
О, не пайда қарт шыңнан, қас-қабақтан,
Мен емеспін ешқайсын бастап атқан.
Жыртып алып тау бұлтын, таңып қойдым
табанымның жарасын тас қанатқан...
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі