Өлең, жыр, ақындар

Селтең, селтең жас бұта, селтең етіп

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 14.06.2021
  • 0
  • 0
  • 1150
Селтең, селтең жас бұта, селтең етіп
нені айтады күлкі етіп, ертек етіп?
Селтең етіп бұрымы бала қыздың
аулада жүр күшігін еркелетіп.
Күн кешкіріп кетті ғой,
табақ тасып
жарым жүр, бала біткен қабаттасып.
Қонақтарға жалтаңдап, мен отырмын
домбырамның пернесін қадап басып.
Күн кешкіріп кетті ғой, мен ырғалып
Көкмойынға ұмтылам "омырғалы".
Көңіл үшін: болды ғой, қой демейді
қонақтарым тері-бас, темір-қарын.
Бұл жексенбі де өтті ме?
Әрине өтті,
жәй өтпеді, қарнымды қари кетті.
Жетпейді ғой басқа да, басқа да емес,
жетпейтіні уақыттың зар илетті.
Кетер деген үміт қой, ойбай, түңіл,
ұл тауып па ек біз осы тойлайтұғын?!
Не жаны бар бүгінгі құрдастардың
ойнағанда қонақ боп "ойнайтұғын?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Селтең, селтең жас бұта, селтең етіп өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Селтең, селтең жас бұта, селтең етіп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Селтең, селтең жас бұта, селтең етіп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Селтең, селтең жас бұта, селтең етіп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері