Бұл бетте «Көк аяз кернейлетті, кернейлетті» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
14.06.2021
0
0
1316
Көк аяз кернейлетті, кернейлетті,
жағаңды қырауымен жөрмей кетті.
Жаңағы ажырамас достар еді —
екі ерін бірін-бірі көрмей кетті.
Мына түн суып кетті-ау,
суып кетті,
Қусыртып екі қолды буып кетті.
Ай-тазы жылмаң етіп шыға келіп,
ақ бөрте қоян-бұлтты қуып кетті.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі