Әзіл – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Әзіл» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.06.2021
  • 0
  • 0
  • 1245
Жырымды өзге түгіл қыз ұқпады,
тастадым сол үшін мен сызып бәрін.
Қыз менің теңеуіме түсінбеді,
мен қыздың кірпігіне қызықпадым.
Ашып ем үр-жаңа ойды дара барып —
қыз мені бір жымиып бағалады.
Ол менің өлеңімді оқымады,
мен оның бұрымына қарамадым.
Балғалап ұқтырдым деп "ақынжанын"
тақтай сабап жатқандай тақылдадым.
Ол менің бір жырымды жаттамапты,
мен оны театрға шақырмадым.
Әй, қайран пендешілік,
"жанып" ішің
жүресің, шарап емес, жалын ішіп.
Осылай қыздарыңмен "ерегестім"
жігіттер, өздеріңе жағу үшін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері