Шың-тас, сені жасағам жоқ мен ойдан

Бұл бетте «Шың-тас, сені жасағам жоқ мен ойдан» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.06.2021
  • 0
  • 0
  • 765
Шың-тас, сені жасағам жоқ мен ойдан,
бұлақ, сені жасағам жоқ мен ойдан.
Ойдан өзге түк көрмеймін кейде осы
мұнары бар, тұманы бар маңайдан.
Мұнар, сені жасағам жоқ мен ойдан,
тұман, сені жасағам жоқ мен ойдан.
Айту үшін, достым, саған қалай да ән,
бір нәрсені көру керек маңайдан.
Бермен қара айналайын, ағайын,
Саған менің ақтарылсын ақ ойым:
Мен бір жырды ойдан алып жазайын,
мен бір қызды ойдан жасап алайын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шың-тас, сені жасағам жоқ мен ойдан өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Шың-тас, сені жасағам жоқ мен ойдан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шың-тас, сені жасағам жоқ мен ойдан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шың-тас, сені жасағам жоқ мен ойдан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері