Талай күзде, көктемде
Бұл бетте «Талай күзде, көктемде» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Талай күзде, көктемде
көзің болды байпақтай:
Тасып бір тасып кеткенде
құятұғын сай таппай.
Қасқа болдың тағы да:
жіңішкеріп шынтақтай,
Жылап аққан шағында
сіңіп кетер құм таппай.
Көлкілдейсің қиялдай,
мөлтілдейсің ұялмай,
Не бір құмға сіңе алмай,
Не бір сайға құя алмай.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі