Жалқаулық – Иса Байзақов

Бұл бетте «Жалқаулық» атты Иса Байзақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.11.2015
  • 0
  • 1
  • 5872
Жалқаулық надандықтың бір белгісі,
Қуанарлық наданның жоқ үлгісі.
Кеңестің кеңдігінде білім алмай,
Текке қарап оңар ма жүрген кісі.
Еңбексіз пайда іздеген арамтамақ,
Қуат беріп наданға болады жақ.
Ойласаң сарыуайым соқырлықта,
Көгертеді қай жанды ондай ақымақ.

1929 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Аяла

өте мағыналы өлең

Осы автордың басқа өлеңдері