Сен – Бойжеткен, Мен – Жiгiт – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сен – Бойжеткен, Мен – Жiгiт» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 1456
Сен – Бойжеткен, Мен – Жiгiт,
Сен Ай болсаң, Мен бiр Күн.
Жақсыларша жөн бiлiп
Танысайық, кел, құрбым.
Көз – көңiлдiң өлшемi,
Көзiң сенiң тұнық қой.
Арбамаймын Мен сенi
Кейбiр жылпос жiгiттей.
Жақсылыққа жан байып,
Тапсын көңiл жарасым.
Əнмен, жырмен жалғайық
Екi кештiң арасын.
Мына бiзден бұрын да
Танысқанмен тосыннан
Талайлардың ғұмырда
Тағдырлары қосылған.
Бiр күлдiрiп, жылатып,
Бiздi де əлi сынар күн...
Бəлкiм, сенi ұнатып,
Бəлкiм саған ұнармын.
Көңiлiмнiң ағына
Көзiң жетер қалайда.
Мұнан кейiн тағы да
Кездесейiк, жарай ма?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері