Тұңғиық теңiз түбiне – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Тұңғиық теңiз түбiне» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 866
Тұңғиық теңiз түбiне
Отырма ойды батырып.
Шаттан, күл туған күнiңде
Шараптан ұрттай отырып.
Санамай тiлiн сағаттың,
Жанымыз тауып жарасым,
Қып-қызыл нарттай шараптың
Қызуы қанға тарасын!
Өткен бiр күнге наз артып,
Балалық шақты есiңе ал.
Күлсең, күл көңiл тазартып,
Жыласаң, жыла, несi бар?!
Не ойласаң бүгiн мақұл-ды,
Кештiң де мынау Сен – көркi.
Аңқылдақ мендей ақынды
Сүйемiн десең – ол да еркiң!
Демеймiн мен де: «сүймешi»,
Бəрi де бəрi жарасар.
Қалып та қоям үйде осы
Қарсылық етпей, қаласаң.
Алқына соғып жүрегiң,
Əн шырқа, биле, күл, ойна...
Қамшыдай қысқа бұл өмiр
Өтiп те кетер былай да!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұңғиық теңiз түбiне өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Тұңғиық теңiз түбiне өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұңғиық теңiз түбiне өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұңғиық теңiз түбiне өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері