Қарауыл төбе басындағы ой – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қарауыл төбе басындағы ой» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 741
Ақ шаң болып жота, қырым, белеңiм,
дауыл соғып,
лайланып тереңiм,
қауiп-қатер төнген кезде далама
от жаққан ғой басына осы төбенiң.
От жаққан ғой,
от жақпауға бола ма?!
От жақпауға болмаған ғой шара да.
Аласат бiр қатер келе жатыр деп,
отпен белгi берген ұлы далаға.
Көк сүңгiдей соғылатын өкпеден,
қауiп бар деп далаға осы беттеген
сөйлескен ғой төбе, төбе, төбелер
түн iшiнде жарқыраған отпенен.
Кiм қояды мұндайда аттың ерiн ап,
аттың ерiн алу ерге өлiм-ақ.
Дала сонсоң кiреукесiн киiнiп,
дайын тұрған бес қаруын белiне ап.
...Өзегiмде өрттей жанып өлеңiм,
бұл өмiрдi оймен келiп бөлегiм,
қауiпi көп мына ұлы заманда
шықтым мен де басына сол төбенiң.
Шықтым соған.
Қарап тұрмын ғаламға, –
тау мен тасқа
шөл мен теңiз, Адамға.
Қарап ұрмын, қарап тұрмын, қарап мен,
қауiпi мен қатерi көп заманға.
Шошып сонсоң мынау заман түрiнен,
ойлар сезiп шiрiп, әбден iрiген
адамдарды оятайын деп ендi
сол төбеге от жақтым мен түнiмен.
Жинап қойып бәрiн, бәрiн мен ендi –
әуен, әуез, саз бен ырғақ, өлеңдi
сол төбеге от жақтым мен түнiмен
адамдарды оятайын деп ендi...
От жақтым мен ешкiмдi де тыңдамай,
тас төбемде бара жатты зырлап ай.
Алып далам,
ұлы далам бiрақ та
селт етпедi,
селт етпедi!
Бұл қалай?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарауыл төбе басындағы ой өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қарауыл төбе басындағы ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарауыл төбе басындағы ой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарауыл төбе басындағы ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері