Ұлыма – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Ұлыма» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 6007
Көз жасына беріп өстім жастан мән,
Сен жылайсың, еркелігің асқаннан.
Жер тепкілеп отырғанмен, ұлым-ау,
Айды қалай алып берем аспаннан...
Келе жатсың көрмей ешбір кемістік,
Баста - бақыт, төңірегің тегіс - құт.
Мен өзіңді алақанда аялап,
Арнап келем махаббатымды ең ыстық.
Көріп тұрмын, жүзіңде жоқ түк қайғы,
(He жетпейді, не жетпейді, ұқпаймын).
Келістіріп боздағанмен ботадай,
Көздеріңнен бір тамшы жас шықпайды.
Шапалақпен бір тартуға оқталам,
Сәбисің ғой, сондықтан да тоқталам.
Еркелікке кеңшілігім болғанмен,
Есерлікке кешірімім жоқ, балам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлыма өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Ұлыма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлыма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлыма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері