Көзiмнен сырғып лағыл жас
Бұл бетте «Көзiмнен сырғып лағыл жас» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көзiмнен сырғып лағыл жас,
Көкiрегiм сыздар, күрсiнсең.
Қарақат көздi қарындас,
Жайыңды айтшы, кiмсiң Сен?
Алдыңа салып уақытты,
Алданып жүрген жанбысың?
Азғантай ғана бақытты
Малданып жүрген жанбысың?
Жалғанға нəзiк үмiттей
Жалғанып жүрген жанбысың?
Береке, құты бiрiкпей
Жан бағып жүрген жанбысың?
Тиянақ, тағат таба алмай,
Толғанып жүрген жанбысың?
Қияға қанат қаға алмай,
Қомданып жүрген жанбысың?
Көзiмнен сырғып лағыл жас,
Көкiрегiм сыздар, күрсiнсең.
Қарақат көздi қарындас,
Хабарыңды айтшы, кiмсiң Сен?..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі