Жасыл бақ, жапырағына Айды ораған –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Жасыл бақ, жапырағына Айды ораған» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жасыл бақ, жапырағына Айды ораған,
Жас гүлзар. Жауқазын гүл жайған алаң.
Ақсаумал самал есiп айналадан,
Шашыңды торғын торы аймалаған
Сол бiр кеш менiң есiмде.
Көз қанып көркем, гөзəл көрiнiстен,
Күдiктен гөрi сенiм болып үстем,
Елжiреп, егiз жүрек ерiп iштен,
Бақыттың бал шарабын бөлiп iшкен
Сол бiр кеш менiң есiмде.
Жылаған,
Жұбана алған,
Қуана алған.
Жасарып, жанаттанып мына жалған.
Ақ сезiм,
Айнымасқа шуақ – арман,
Ай, жұлдыз аспандағы куə болған
Сол бiр кеш менiң есiмде...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі