Сенсiз көңiл құлазыр, жетiмсiрер, – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сенсiз көңiл құлазыр, жетiмсiрер,» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 859
Сенсiз көңiл құлазыр, жетiмсiрер,
Аз да болса қасыма отыршы, кел.
Қызығынан өмiрдiң тез тойындым
Қызыл күрең сырадай көпiршiген.
Аз да болса, қасыма отыршы, кел.
Сыздағанда жүректiң жарасы анық
Жаның бiр сəт тiлейдi оңашалық.
Бiз екеумiз қазақы домбыраның
Егiз, қоңыр үнiндей жарасалық.
Айтар сырды үн-түнсiз тыңдап, оқып,
Отырайық бiрауық мұңға батып,
Өкiнiшке өзектi тырналатып,
Жанар жасын сынаптай сырғанатып...
Көңiл жаяу,
кезiнде көңiл қаяу
Көз алдыңда көлкидi қоңыр бояу.
Түн көрпесi тұмшалап, тұншықтырып
Өшiп бара жатқандай өмiр баяу...
Жаным мұңын,
жасырсын жанар жасын,
Жалын жылым, бiлемiн, жаңармасын.
Бозбала күн қызығын қозғамағын,
Мəңгiлiкке ол жоғалтқан ақ алмасым!
Көңiл шiркiн құлазыр дара жүрсем,
Қасыма кел, отыршы, қарағым, Сен.
Жарық таңға үмiттi жалғар ма едiм
Жабыққанда жанымда бола бiлсең?!
Қасыма кел, отыршы, қарағым, Сен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенсiз көңiл құлазыр, жетiмсiрер, өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сенсiз көңiл құлазыр, жетiмсiрер, өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенсiз көңiл құлазыр, жетiмсiрер, өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенсiз көңiл құлазыр, жетiмсiрер, өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері