Мұңлық
- 0
- 0
Күннен күнге жүрегiмдi жүдетiп,
Айлар ағып... Бара жатыр жыл өтiп...
Аққу-қазы сыңсып ұшқан айдындай
Мұң тамады кiрпiгiңнен дiр етiп.
Бұл бетте «Бастау алған бұлақтан кəусар көлiм» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Тозақ отын тəңiрiм қайтармағай» –
Деп тiлеп ем,
түстiм бе қайта аңдамай?
Сүйегiңнен өтетiн сөз қиын-ау,
Көзiң сенiң – шаркесе шарап толы,
Қайта-қайта мас қылдың, қарап, менi.
Ұшып шыққан ұядан қарлығаштай
Қасың, қалқам, қағылған қанат па едi?
Аяулым, бүгiн тағы түсiме ендiң.
Жайсыз түс жанға ерiксiз түсiрер мұң.
...Еңiсте жатқан саған еңiреп кеп,
Ұсынып тұр екенмiн үсiген гүл.
Көктем едi...
Көрсек дедiк көктемде Көктөбенi.
Аспалы жол домбыра iшегiндей
Алматыдан бiздi алып кеткен едi.
Бұрымыңа арқаңда бұлғақтаған
Қараймын да, бiр əсем ырғақ табам.
Қол ұстасып екеумiз кетсек деймiн
Сонау сайын далаға гүл қаптаған.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі