Өмiр бiзге бiр-ақ келер, көп келмес –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Өмiр бiзге бiр-ақ келер, көп келмес» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өмiр бiзге бiр-ақ келер, көп келмес,
Лəззат лебi азаппенен өткелдес.
Шын махаббат, бiле бiлсең, шырайлым,
Үйленумен,
Үй болумен шектелмес.
Ардағым-ау,
Айтқан сөзiм ұнамай
көңiлiңе алып жүрме күмəн ой.
Махаббат, ол – көгершiнiң емес пе,
Көгершiндi торға қамау күнə ғой?!
Тағдыр бiзге кей кездерi тым қатал,
Күн орнына көкiрегiңде мұң жатар.
Махаббат, ол – ару аққу емес пе,
Ал аққуға оқ атуға кiм батар?
Сүмбiл сезiм – көңiлiңнiң күйi асыл,
Сүймегенге қалай оны қиясың?
Махаббат, ол – қарлығашың емес пе
жүрегiңе салатұғын ұясын?!
Шаттығыңның шайқап алмай тұнығын
Сен де, жаным, ойла оның ғұмырын.
Сайын дала,
Шалқар айдын сияқты
Махаббат та ұланғайыр ұлы ұғым!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі