Алма бақ, бұрынғыдай сəнiң кəнi? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Алма бақ, бұрынғыдай сəнiң кəнi?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 861
Алма бақ, бұрынғыдай сəнiң кəнi?
Елiгiм неге iшiңнен табылмады?
Шынымен көкiрегiме көшкенi ме
Апайтөс Алатаудың қалың қары?
Домбырам, неге сонша зар иледiң?
Сазыңа жұбана ма сəби көңiл?
...Кiрпiгiн терезелер əлсiз қағып,
Бiртiндеп сөнiп жатыр шамы үйлердiң.
Жақсы ма жайылғаны бойға дерттiң? –
Оңаша өзiң жайлы ойға кеттiм...
Екi кеш арасында, қарағым-ай,
Қалдырып тұрағыңды қайда кеттiң?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері