Жанарыңнан бір моншақты үйіріп
Бұл бетте «Жанарыңнан бір моншақты үйіріп» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жанарыңнан бір моншақты үйіріп,
Жылдам басып шығып кеттің киініп...
Кейін білдім ауырғанын жанымның,
Қабағымның қалғандығын түйіліп.
Іле-шала жүгіріп ем артыңңан,
Қарамадың – жалынсам да, қиылып.
Одан кейін қараңды да көрмедім,
Арамыздан хабар-ошар тиылып.
Осы күні... осы күні жүрегім
Тоқпақтайды – тар кеудемді жиі ұрып.
Ойлай-ойлай әлім кетті бойымнан,
Қайнай-қайнай қаным кетті сұйылып.
Ешкім енді емдей алмас дертімді,
Бүкіл әлем дәрігері жиылып.
Тұр екен ғой, тұр екен ғой
Дүние-ай,
Піскен алма бұтақтары иіліп.
Қандай қиын...
Қандай қиын құр қалған
Дастарханда тұрған дәмнен бұйырып.
...Енді бүгін «бір көрсем» деп тілеймін,
Құдайыма қайта-қайта сыйынып!
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі