Жесір жыры – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жесір жыры» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.06.2021
  • 0
  • 0
  • 948
Ей, жiгiттер – алмас қылыш, ақ сүңгi!
Жаным сезер жаманыңды, жақсыңды.
Ала құйын алып-қашпа ат сынды
Қоя тұрсаң неттi жеңiл нəпсiңдi?!
Қоя тұр да... Жанарыма қарашы,
Қандай екен ағы менен қарасы?
Аз демейiн, көп демейiн – көк пен жер
Жезөкше мен жесiрлердiң арасы!
Жезөкшенi сəттiк сезiм билейдi,
Жесiрлердi ақтық төзiм билейдi.
Жесiр жаны кез келгенге иiмейдi,
Өртен, мейлi,
Өз отыңа күй, мейлi!
Жесiрмiн мен.
Ал, жесiрдiң жасы көп...
Аялай бiл,
Аяғаның – қасiрет!
Мүсiркесең мүлəйiмсiп мүттəйiм,
Жанарымнан ұшқын атар жасын, от!
Алдар болсаң алтын жүзiк, алқаңмен,
Арбар болсаң қазынаңмен, қалтаңмен,
Көз жасымды мойыныңа артам мен,
Не болмаса, басыңды алам балтаммен!
Ерте кеткен деп ойлама əр менен,
Еркелетсең, ерiнiмнен бал берем.
Өнбойыңа оттай ыстық денемнен
Жалын берем, жай табардай жан-денең.
Құлықтыға қылықтымын, қыздаймын,
Есiрiкке есекдəме – мұздаймын!
Əйел жаны – ашылмаған сырсандық,
Сандық құлпын оңайлықпен бұзбаймын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жесір жыры өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жесір жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жесір жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жесір жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері