Сенсiз мынау қаланың сəнi кеттi – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сенсiз мынау қаланың сəнi кеттi» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1063
Сенсiз мынау қаланың сəнi кеттi.
(Сен барында ғажап-ты, ғанибет-тi...)
Мерекесiз мезi еткен мезгiлдейiн
Берекесiз бiр күнiм тағы да өттi.
Бұлқан-талқан жататын бүлiк ашып,
Көктемнiң де биылғы үнi жасық.
Өңменiнен өрiктiң ызғар өттi,
Алма ағашы кешеулеп гүлiн ашып.
Алма бағы – Ақынның арман əнi
Жалқы үмiтке жармасып жан бағады.
Бiр шыбыққа бiр шыбық баһар берiп,
Тiршiлiкке тiршiлiк жалғанады.
Тау төсiнен тарамай қыс тұманы,
Емiс-емiс естiлер құстың əнi.
Көңiлiмнiң төрiнде бiр Муза-қыз
Көз жасына булығып, қыстығады...
Сенсiз мынау көшеде жан жоқтайын,
Жұртты елемей, жамырар жан-жақта ойым.
Тағдырыма таяныш таппай жүрмiн,
Жапан түзде жел қуған қаңбақтайын.
Мен ғаламнан,
Қол үзiп менен ғалам,
Қайда жүрсем, бiр хабар сенен бағам.
Құрағындай айдынның құрақ ұшып,
Лағындай елiктiң елең қағам.
Сенсiз мынау ағаңның халi осындай.
Назырқанған жүректiң наласын-ай...
Көңiлiме жартыкеш көзiн сүзiп,
Көк жүзiнен жартыкеш қарасын Ай.
Ай қарасын сен болып қас-қабаққа,
Зiл-зала мұң еңсенi басқан уақта.
Қала шiркiн қаңырап қалады екен,
Қалқатайың кеткенде басқа жаққа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенсiз мынау қаланың сəнi кеттi өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сенсiз мынау қаланың сəнi кеттi өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенсiз мынау қаланың сəнi кеттi өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенсiз мынау қаланың сəнi кеттi өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері