Бұрымыңа арқаңда бұлғақтаған – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Бұрымыңа арқаңда бұлғақтаған» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.06.2021
  • 0
  • 0
  • 820
Бұрымыңа арқаңда бұлғақтаған
Қараймын да, бiр əсем ырғақ табам.
Қол ұстасып екеумiз кетсек деймiн
Сонау сайын далаға гүл қаптаған.
...Айлы түн ғой. Əсем-ақ арай-маңай.
Сен қарайтын аспан да шарайнадай.
Адымыңды алға еркiн басшы, жаным,
Ауыл жаққа алаңдап, қарайламай.
Тiршiлiктiң уылжып шарбат дəмi,
Қол бұлғайды арманның арбап бағы.
Сездi ме екен бiр сырды,
Соңымыздан
жымыңдасып ауылдың қалды оттары...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері