Ес жиғанда жолығып Елесiммен – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ес жиғанда жолығып Елесiммен» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.06.2021
  • 0
  • 0
  • 718
Ес жиғанда жолығып Елесiммен,
Шығара алмай жүрмiсiң менi есiңнен.
Бiрге бола алмасақ,
Ғайып-ана
неге туған бiздердi?
Неге өсiрген?
Елесiм жүр жаныңда ...
өзiм кəнi?
Кiлки ме, əлде, көкмұнар көзiңде əлi...
Сыбырлай ма түн iшi бiреу келiп,
Шымырлай ма денеңде сезiм балы?..
Тербете ме жаныңды тəттi қиял,
Дүниенiң дəметiп шаттығынан.
Əлде, əлсiз, дəрменсiз сол Елесiм
Жарым түнде жаныңда жатты ма ұяң?
Ойша құшып,
ойша өбiп жатты ма жəй,
Əлде... айрылып есiнен, тапты ма жай?..
Халiң сенiң сол түнi қандай болды?
Таңың сенiң сол күнi атты қалай?
Елесiме алданба,
Маған емiн, –
Алдында тұр алғаусыз жан əлемiм.
...Қара түннiң көзiнен тамып түскен
Нақақ жас па деп қалам қара меңiң...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ес жиғанда жолығып Елесiммен өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ес жиғанда жолығып Елесiммен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ес жиғанда жолығып Елесiммен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ес жиғанда жолығып Елесiммен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері