Ұйқыңнан бүгiн ерте тұршы, гүлiм – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ұйқыңнан бүгiн ерте тұршы, гүлiм» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.06.2021
  • 0
  • 0
  • 1379
Ұйқыңнан бүгiн ерте тұршы, гүлiм,
Күндегi күтiп қалды тiршiлiгiң.
Жаралған ет-жүректен жанның бəрi
Құдайға жасап жатыр құлшылығын.
Ұйқыңнан бүгiн ерте тұршы, гүлiм.
Жеткенге аман-есен жарық таңға
Қуанар торыққан да, тарыққан да.
Ұйқының тамыр жайлар у екенiн
Ұқсаса жарар едi-ау жар ұққанға...
Ұйқыдан маза кетер, ығырласа,
Көзiңдi аш,
бетiңдi шай,
ырым жаса.
Жұмағы бұл жалғанның – жарық күн ғой,
Тынады тiрлiк деген қыбырласа.
«Береке, – дейдi үлкендер, – ұрғашыдан»,
Үркiтсiн үрдiң қызын кiм қасынан.
Күн де анау көкке ұмтылып бара жатыр
Ұшырған алтын құстай шың басынан.
Түн тəттi, ұйқы тəттi, тəттi бəрi...
Таудың да түрiлгендей ақ тұманы.
Үлде мен бүлдеге орап, бұл Тiршiлiк
Күнге де күмiс қанат қақтырады!
Алғаның жетер аз-кем түн шырымын,
Ұйқыңнан бүгiн ерте тұршы, гүлiм.
Дүрмегi таусылмайтын дүниеде
Күндегi күтiп қалды тiршiлiгiң.
Ұйқыңнан бүгiн ерте тұршы, гүлiм...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұйқыңнан бүгiн ерте тұршы, гүлiм өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ұйқыңнан бүгiн ерте тұршы, гүлiм өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұйқыңнан бүгiн ерте тұршы, гүлiм өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұйқыңнан бүгiн ерте тұршы, гүлiм өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері