Сынақ – Aldongarova

Бұл бетте «Сынақ» атты Aldongarova жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өмір үшін сан-сынақпен күресім бар,
Әр ауырда өзіндік бір үйлесім бар.
Бүгін қиын болғанымен, білем ертең,
Жақсылықтан алатұғын үлесім бар!

Шын сын түссе мен несіне қиналамын?
Ғұмыр қайта салмақ салса шираламын.
Өз еркімен кім қалапты ауырлықты,
Кім ұнатар үмітінің қирағанын?!

Ия, жалған мұң-қайғысыз көңілдірек,
Жеңіл ғана кім алыпты өнім күреп?
Жан азабын бес ай тартып қыран құс та,
Тырнақтарын тасқа ұрып өмір сүред(і).

Жеңіс барда, ізден жүрер жеңілістер,
Әр жағдайда кезігеді үзілістер.
Жер тыңаймас, қысты өткізбей тоңазымай,
Тіршіліктің бәрінде бар күйзелістер...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сынақ өлеңінің авторы кім?

Aldongarova — осы өлеңнің авторы.

Сынақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сынақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Aldongarova өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сынақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар