Бір пана тілеп тауға да бардым
- 0
- 0
Бір пана тілеп тауға да бардым,
Күркіреп құзға құладым.
Түсінбей ешкім саудада қалдым,
Қиқымнан көрпе құрадым.
Бұл бетте «Алғыс» атты Нұрсұлтан Мейірбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Нұрсұлтан Мейірбекұлы — осы өлеңнің авторы.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.
Бұл өлеңде Нұрсұлтан Мейірбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.
Бір пана тілеп тауға да бардым,
Күркіреп құзға құладым.
Түсінбей ешкім саудада қалдым,
Қиқымнан көрпе құрадым.
Ойға батып отырамын,
Келмесе деп атыма мін.
Бауырымда сусындаған,
Қайда түсер жапырағым?
Шараптан көрмесе де кісі емделіп,
Іштім бе, іше берем, ішем келіп.
Бірауық масаңдау боп жүрген артық
Қалғанша қайғы-мұңға кісенделіп.
Қаратау бар қазаққа шаңырақ еді,
Қапталда жетім қозы маңырап еді.
Басынан Қаратаудың көш көрінсе,
О баста көшті үркіткен қалмақ еді.
Таң қаламын қарап сенің сыртыңнан,
Қара талдар, ортасынан қырқылған.
Табылар деп өткен күннің елесі,
Іздеп жүрмін бір деректі жұртыңнан.
«Ай көрдім, аман көрдім,
Бұрынғыдай заман көрдім...»
Бұрынғыдай бұлт оранып,
Заманаға таман келдім.
Мейір
Күшті шығыпты рахмет
Тилеш
Өте жылы, жүрекке жететін өлең екен! Нағыз ризашылықтың, алғыстың әдемі жыры. Аллаға, бабаға, ұлтқа, ата-анаға, бауырға, ауылға, туысқа, достарға деген алғыс сөздер бір-біріне жалғасып, өмірдің мәнін, адамгершілікті, бірлікті соншалық әсерлі жеткізеді екен.