Өлең, жыр, ақындар

sunadilla

  • Ұпайы: 27
  • Тіркелген уақыты: 30.05.2021 23:28
  • Соңғы кірген уақыты: 21.07.2022 14:23
  • Аты-жөні: Нұрсұлтан Мейірбекұлы
  • Жынысы: Ер
  • Пікірлері саны: 0

Жариялағандары

Өлеңдер

Тау - адам

Табиғаттың қойнауында сан сыр бар,
Сыр секілді адам - жұмбақ жансыңдар.
Өмір-өзен, тағдыр болса табиғат,
Әрбір адам бір-бір биік таусыңдар!

Толық

Шыда

Сынақ келсе, шыда тағы, сәл шыда,
Өз-өзіңді жегідей деп жаншыма!
Қайғы келсе қамықпағын, қайраттан,
Өз-өзіңді өрге қарай қамшыла!

Толық

Сырласу

Ай астында жырменен аймаланып,
Ақтарайын сырымды ойланарлық.
Бір күн өтіп барады, бір күніммен,
Мәңгі бұлай болмасы айдан-анық.

Толық

Жылжыған жыл

Бір-біріне ұқсамай бір күніміз,
Қыс келіп, кейін қарай жылжыды күз.
Өлшеп берген өмірдің өзі бақыт,
Байқамаймыз аңғарып тым мұны біз.

Толық

Тәтті тілек

Өмір деген арпалыс қой дүрбелең,
Өтіп жатыр өмір жалған күнменен.
Кейде сәтті, кейде сәтсіз күн туып,
Жүректегі жан қалауын білмеген.

Толық

Тәуелсіздік

Тәуелсіздік - арманы бабалардың,
Күші бар кеудесінде қара нардың.
Егемендік елдікке қол жеткіздік,
Келешек қамы үшін балалардың.

Толық

Астана-Нұрсұлтан

Тегінен таралған соң асылдардың,
Астанам берекеңді қашырмадың.
«Нұр-Сұлтан» саналасың алтын діңгек,
Толғаған тариxында ғасырлардың.

Толық

Алғыс

Аллаға алғыс,
Нығметін бізге жаудырған,
Иманның отын жүректерге жандырған!
Бабаға алғыс,

Толық

Өмір деген

Бұл өмірдің ақ қарасын көргенбіз,
Көре тұра дегеніне көнгенбіз!
Алма-кезек өтіп жатқан өмірге,
Біз уақытша келгенбіз!

Толық