Опасыз боп кетсем, досым
- 0
- 0
Опасыз боп кетсем, досым,
Шалыс басып жаңылыс.
Жүрегіңді кек кернесін,
Шап басымды, мә, қылыш.
Бұл бетте «Сырласу» атты Нұрсұлтан Мейірбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Опасыз боп кетсем, досым,
Шалыс басып жаңылыс.
Жүрегіңді кек кернесін,
Шап басымды, мә, қылыш.
Ей, адамзат!
Райхан гүлдер солмасын,
Бақыт құсын қондыратын қолға шын.
Жыламасын жарын күткен жас ана,
Жауыңнан еш ығыспа,
Қорқынышты тіпті ұмыт.
Солдаттарға ұрыспа,
Ең керегі – мықтылық.
Малмау үшін арулар,
Қайта жасқа кірпігін,
Болдырмауға жарылған,
Бомбалардың зіркілін,
Бақытты тартып алар қиядағы,
Асыл арман кеудеме ұялады.
Менің орным – мұнайлы мұнаралар,
Менің орным – театр, би алаңы.
Жүрмесемде даңқ пенен атақ ап,
Киелі Отан, балаң сыннан өте алад.
Жүрегімде – сыймай жатқан сағыныш,
Жүрегімде – қимай кеткен махаббат.
Kemel Asyl
Керемет