Самғадым көкке өзіңде түлеп – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Самғадым көкке өзіңде түлеп» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1135
Бақытты тартып алар қиядағы,
Асыл арман кеудеме ұялады.
Менің орным – мұнайлы мұнаралар,
Менің орным – театр, би алаңы.
Менің орным – домнаның от демінде,
Менің орным – армандар мектебінде.
Менің орным – комбайн кабинасы,
Менің орным – жайлаудың нақ төрінде.
Бұрыс кеткен қатемді түзет, сына,
Ей, ағалар!
Бас ием ізет қыла.
Менің орным – бортында «Союздардың»,
Менің орным –
Шекара – күзет мына.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері