Жүрмесемде даңқ пенен атақ ап – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Жүрмесемде даңқ пенен атақ ап» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1145
Жүрмесемде даңқ пенен атақ ап,
Киелі Отан, балаң сыннан өте алад.
Жүрегімде – сыймай жатқан сағыныш,
Жүрегімде – қимай кеткен махаббат.
Әсем неткен күліп атқан таң шағы,
/Менің жаным бір бақытты аңсады/.
Зер төгемін болып Отан, Қадыр жыр,
Аймалаймын болып сені Шәмші әні.
Қымбат маған гүлге тамған күміс шық,
Қымбат маған арадағы туыстық.
Жүрегіме қаным болып тараған,
Қазақстан атың сенің тым ыстық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері