Бір ой мені өртеп жүр – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Бір ой мені өртеп жүр» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 569
Бір ой мені өртеп жүр,
Үмітім бе ертеңгі?!
Ұғына алмай досым жүр,
Түсіне алмай еркем жүр.
Соның бәрін қағазға
Түсіре алмай көркем жыр.
Бір ой мені өртеп жүр.
Оймен ғана ағарған
Адамдардың ақ басы.
Оймен ғана жаңарған
Дос көңілі, дос нәші.
Айналып кеп ақылға
Бір тірейсің ат басын.
Ойсыз өмір – уайым,
Ойсыздықтан құдайым
Әрқашанда сақтасын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері