Құрылған құтты болсын, сүлеттерің – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Құрылған құтты болсын, сүлеттерің» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1736
Құрылған құтты болсын, сүлеттерің,
Сияқты болды сүлет сүр еттерің.
Кедейдің күннен күнге көзін ашып,
Бұздыңдар бай, құлақтың үреттерін.
Айтылмай аңлауымда сөз қалған жоқ,
Енді істің ету керек іреттерін.
Ақымақты "әліпті айыр бақан" дейтін,
Кеңестің көрдік көзбен дүр еткенін.
Солардың санағында біз де болсақ,
Қояр ет қорқып жүрек "дір" еткенін.
Жойсаңдар надандықты народ көптен,
Жайынды өліп қалған тірі еткенің.
Құстарды алғыр бүркіт мұзды балақ,
Қолайлы қолдарыңнан түлеткенің.
Алғысын "Алға бас!" деп жұрт беріп тұр,
Білген соң нұрдан сүтін тіреткенін.
"Айып" деп азаматтар айта көрме,
Ұят деп ұнамайтын тұр еткенің.
Деп ұлы Ізтілеудің Тұрмағамбет,
Аңлапты надандықпен күн өткенін.

1934.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері