Сұрақтарға жауап

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 812
Неліктен артық сөзің арам астай,
Қойса да ертең доспен араны ашпай?
Қалғанын сезесің дос жүрегінің,
Бүгін дәл кешегідей араласпай.
Неліктен бip көргенде ұнатасың
Білмей-ақ, өз әкeciн, ұлы атасын?
Өзімшіл болмаған соң, болмысыңды
Онда бар, сенде жоқпен жұбатасың
Неліктен ұялшақ қыз көзқарасың
Көргенде соны өзіңнен қызғанасың?
Қызғынып epiктен тыс еркек қанын,
Ішіңнен тым дөрекі қозғаласың
Білмей-ақ, кімнің қанша түзепті iciн,
Неліктен әкімге сен iзeттiciң?
Лауазым ездің орны емес деген
Сенімнің босағасын күзетті iшiң.
Бойына айтқан ақыл бip сіңбейтін
Неліктен жаманым да жүрсің дейсің?
Бықсытып бip жағында ол жүрмесе
Бас шайқап беталбаты күрсінбейсің.
Сұраққа жауаптар көп бұл секілді,
Бұған тек әулекілер күлсе күлді.
Әулекі күлмес еді-ау,
Күйгелектеу
Бізде бар, өзінде жоқ білсе тілдi.

Қаңтар, 1997


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақтарға жауап өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Сұрақтарға жауап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сұрақтарға жауап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұрақтарға жауап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері