Адал зерек адам керек

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 734
— Тоқ тұрып, қарын тартпай қалғысаң да
Бәйгеден келуің шарт алғы санда! —
Дегенде тұлпар айтқан:
— Жолай сонда
Ауыздан жын аралас қан құсам ба?..
Ат шаппай бап шабарың қалып содан
Сонымен көңіл ашқан қамықса адам.
Немесе егін бітік деген де сол
Қолынан қажетіне қанықса дән.
Әр неден пайдасына тірнектеген
Адамзат түпкі cepтiн түрлі етпеген.
Кімге де жаратқанның жарлығы тек
Білекті сыбанып, жең түрмек деген.
Қайда сол?
Ұйықтағанның түсінде ме?
Қатыгез қалдығының iciндe ме?
Мансабы қаңылтырдай майысқақ бар,
Оны да өзгермейтін кіci деме.
Қайда сол?
Күші ме сол қарақшының,
Немесе ecipткi мен арақ, шылым?
Сол cepттi мен бұздым деп парақор да
Айта алмас бетке тура қарап шынын.
Серт қайда
Табиғатты танығаннан?
Тірнектеп, адал күштен тәлім алған?
Қалайша бағымызға құдай берген
Жарлықтың жаны кетіп, тәні қалған?..
Кең құдай кем қалма деп достан бүгін
Taғы да берді емес пе бостандығын?!
Шарт енді жинап алмақ шет жұрттарға
Шерменде қонысынан босқан жүгін.
Қасіреттің көрсем ойлап басқасын да
Cepтіміз түспегендей босқа сынға,
Санатта серт бұзғанның сазайы-ау деп
Ұяттан домбығам мен дос қасында.
Біздерге көп аңсатқан адал зерек,
Аш құрсақ арғымақтай адам керек.
Суырылып соның тобы озса, соны
Қайтадан хақ бұйыртқан қадам дер ек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адал зерек адам керек өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Адал зерек адам керек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Адал зерек адам керек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адал зерек адам керек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері