Басы да аяғындай ұйқасқан сөз

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 882
Не жетсін кіршігі жоқ кісілікке,
Қажетсің қадіp тұтар кішілікке.
Бұрқансаң бұзықтайсың білімсізге,
Өжетсің түгел ұққан түсінікке.
Шыдайсың тас атқанға тарыққанда,
Құдайсың құдіретіңді танытқанда.
Іс қылсаң кешірместей, өзің өртке
Құлайсың, тартынбайсың тамұқтан да.
Амансып шыбын жаның шықпағанда,
Жамансың ceнi досың ұқпағанда.
Біреуден сен өзіңді кем керсең де,
Замансың ел сөзіңе тоқтағанда.
Осындай біздің өмip біліскенге,
Басынбай, бipгe жесіп, бip ішкенге.
Мазасыз бұл дүниеде болса болды
Досымдай бейтанысым дұрыс пенде.
Кейіспей, келісп өмip сүріңдерші,
Сүйіспей, сүйкімдірек түрің берші.
Пейіштей пейіліңді қимасаң да,
Тиіспей жүрегіме жүріңдерші.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Басы да аяғындай ұйқасқан сөз өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Басы да аяғындай ұйқасқан сөз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Басы да аяғындай ұйқасқан сөз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Басы да аяғындай ұйқасқан сөз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері