Өлең, жыр, ақындар

Президентке шағым

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 639
Әсер жұтап әр неден, күндіз арып,
Бiз қаламыз, батады күн қызарып.
Біле бермейді екенсің үйде отырып
Жарылқап та жатқанын кiдi жарық.
Дыбысына әкімдер зарықтырып,
Үзіледі үмітің барып тұрып.
Қорлау үшін қондырған телефонмен
Мықты болсаң сен соны ал ұқтырып.
Атасы мен халықтың кәpi әжесін
Қорлау үшiн көтерсек дәрежесін,
Қарғыс атсын батаны дегізетін:
«Біз ішіп-жемегенді төре жесін!»
Құдай атқан құлқынның бірінен соң
Бipi келіп, адал ас ipiгeciн,
Әркім сарып өтердей әжетхана —
Keп-кeшeгi беделі ipi кеңсең.
Бәрі жаман әкімнің демесең де,
Жаманынан жиіркенген дене сенде.
Көзден қашып, көкиді ол сенің iciң
Ic еместей жұрт аман, ел есенде.
Президентке шағынам қартайғанда
Санамаңыз Ciз мені ортайғанға.
Айтса айтар деп жүрмесін әлгілерің
Бағым қайтып, қолымнан мөр тайғасын.
Маған сөздің шын әмip етсе пipi,
Тисе сынның кімге де шет-шепipi,
Үлгермеспін мен Сізден ұялып та,
Жұмыс қылмас жүрегім етше тipi...
Ciзгe деген iзeтiм ipiккeciн,
Жат пен жақын арасы біріккесін,
Төзбесіме ақылым төзгені үшін
Мансап бізден үлкенсіп үpiкпeciн.
Күтем дедім, күтем мен кісілікті
Өмірдегі өзінен ici мықты.
Арамзалық қайтпаса тәубесіне
Ашынбақтың аржағы түсінікті...

Қаңтар, 1997 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түске дейін һәм түстен кейін

  • 0
  • 0

Түске дейін көңілден жыр өндірем,
Қу тірліктің қоламтасын сөндірем.
Көп шайлыққан жүрегімнің тұсынан
Қай күні мен қан шықпаған мөлдір ем?!

Толық

Нұра

  • 0
  • 0

Keшip, Нұра!
Жазда келмей, күз қалдым,
Кешіксем де, толқынындай қозғалдым.
Бүгінгі бip ceнің сұлу бойыңды

Толық

Жабырқау

  • 0
  • 0

Сұлулықты осылай
Отырар ек мадақтап.
Өз парызын, досым-ай,
Жүрсе жарқын о да ақтап.

Толық

Қарап көріңіз