L' (Жылуда жоқ) – Айжан Табаракқызы

Бұл бетте «L' (Жылуда жоқ)» атты Айжан Табаракқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жылуда жоқ,
наз да жоқ,
кінә да жоқ,
жаныма батар кейде жанарыңыз.
Өзгертейін мазмұнын өмірімнің,
сол болса қалауыңыз.
Тар жолында тағдырдың қателескен,
Енді жолдас бола ма, маған бұл Ой.
Баянсыз тіршіліктен бақыт күткен,
Нашарлау адаммын ғой.

Біз ертең жазғырамыз осы үшін де,
бекерге күндеріміз өтсе, кімді?
Мүмкін бе өзіңізсіз ғұмыр кешу,
өлең де сол секілді.

Өткен өмір жүдетсе жүрегімді,
жұбатудың айтыңыз басқа амалын.
Сізді жақсы көрмеуге себеп тапсам,
құттықтап xат жазармын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

L' (Жылуда жоқ) өлеңінің авторы кім?

Айжан Табаракқызы — осы өлеңнің авторы.

L' (Жылуда жоқ) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

L' (Жылуда жоқ) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айжан Табаракқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

L' (Жылуда жоқ) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері