Реплика

Бұл бетте «Реплика» атты Айжан Табаракқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Өзімді іздеп жүргенде өткен де, кеткен,
Құнын білмеген шақтарым кешсін бе мені?
Бір мекен тауып, көз түгіл көңіл жетпейтін,
Әйтеуір, кеткім келеді.
Кеткім келеді... Ұмыт боп шер мен шеменім,
Гүл өсер сосын мен жүрген соқпақта мұңлы.
...Қайырсыз болса тірлігім
Тәңірім бәрін,
Қалаймын тоқтатқаныңды.

Не істеу керек өзгелер күн кешіп жатқан,
Орын жоқ болса қоғамның ішінде сізге?
...Сусып барады жылдарым,
Қайырылмай маған,
Тағдыр-ау, түсінесіз бе?

Балдағы қылып жанына жалған күлкіні,
Өмірден мынау мезгілсіз өтер екен кім?
Өзімнен неге қашамын мойындай алмай,
Бәрінің бекер екенін.

Қадірсіз ойын тірліктен қажытқан сайын,
Үйір келеді неліктен күнәға адам?
Тағдыр да,
Түн де жазықсыз...
Осының бәрі
Дұрыстап жыламағаннан...

2018 ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Реплика өлеңінің авторы кім?

Айжан Табаракқызы — осы өлеңнің авторы.

Реплика өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Реплика өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айжан Табаракқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Реплика өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері