Құпиясын орап-шымқап түн жатыр

Бұл бетте «Құпиясын орап-шымқап түн жатыр» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 681
Құпиясын орап-шымқап түн жатыр,
Кештің түйткіл күйбеңі де тынды ақыр.
Жас келіншек баласымен төргі үйде
Аунақшыса – аунап барар кім батыр.
Қараңғы үйде ешбір қыбыр сезілмей,
Тіршіліктің тылсымынан безінбей.
Жалғыздыққа жазықты боп жар жатыр,
Жігіт жатыр –
көңілі ояу көз ілмей.
Телмірген түн.
Көнер ме екен таң бұған?
Кім бар екен осынау үш жанды ұғар?..
Бірін-бірі аңдып жатыр үш бейбақ,
Қайран дүние...
Адамды адам аңдыған.
Бала жатыр... етек жиған, ес біліп,
Ана екеудің көкірегін тесті үміт.
Аттай шапқан үш адамның жүрегі
Бір-біріне тұрғандайын естіліп,
Әйел жатыр... әлденеге күрсініп,
Әрең жатыр қос құлағын тыңшы қып.
Күйеуінен ерте айырып тағдыры,
Еркіндікке емексіткен тіршілік.
Жігіт жатыр... жолаушылап үйге кеп,
Дәл қазіргі жағдай бөлек, күй бөлек.
Тәттілікке тілеп жатыр сәттілік,
Сезім – арқан алға қарай сүйрелеп.
Науа көңіл, нар тәуекел, нар тілек,
Алқындырар ауыр міндет артты көп.
Еріншектің епсіздігін көрсетіп,
Келіншектің көрпесінен тартты кеп.
Әйел сонда әлденеден қысылды,
Жамылғыны жігіт төмен ысырды.
Көрпе ішіне кіріп кетті ыстық дем,
Бәлкім, олар бірін-бірі түсінді.
Барып еді бөтен, бөгде ой келмей,
Жатты әйел жағаласып, бой бермей.
Жатты бала өз-өзінен буынып,
Бұдан басқа қызық көрмей, той көрмей.
Құпиясын орап-шымқап түн жатыр,
Тентек көңіл тепсінді де тынды ақыр.
Намысына найза байлап алысқан,
Әйелдер-ай...
Әйелдер ғой шын батыр...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құпиясын орап-шымқап түн жатыр өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Құпиясын орап-шымқап түн жатыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құпиясын орап-шымқап түн жатыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құпиясын орап-шымқап түн жатыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері