Малмау үшін арулар – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Малмау үшін арулар» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1120
Малмау үшін арулар,
Қайта жасқа кірпігін,
Болдырмауға жарылған,
Бомбалардың зіркілін,
Күзеттемін!
Мұқалмауға көңілдер,
Қапасында тор сымның.
Көз жасы боп егілген,
Деген оймен құрысын мұң,
Күзеттемін!
Гүл егуге алаңға,
Бұлт шалмауға аспанды.
Адам менен адамға,
Жасатпауға қастандық,
Күзеттемін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері