Қазбауыр бұлтқа қол созған – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Қазбауыр бұлтқа қол созған» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1724
Қазбауыр бұлтқа қол созған,
Қазақы сөздің шебері,
Даусынан қаздың оянған
Қоғалы көлдің кемері.
Қазанат ойды қозғаған,
Қазақы сөздің жүйрігі,
Тұңғиық толқып, сүйінген,
Тұп-тұнық айдын сүйрігі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері