Тау - адам
Табиғаттың қойнауында сан сыр бар,
Сыр секілді адам - жұмбақ жансыңдар.
Өмір-өзен, тағдыр болса табиғат,
Әрбір адам бір-бір биік таусыңдар!
Былқ етпейтін бұлыңғырмыз сырласқан,
Жер көтерген, мұнарланған қырды асқан.
Әр адамды биік таудай көремін,
Сол тауларды торламасын мұңды аспан.
Табиғатым тым көрікті болады,
Өзен-бұлақ сыңғыр суға толады.
Мен үшін де мынау әрбір пенденің,
Тау секілді орындары жоғары.
Жазулы тұр тағдырыңда әр адым,
Әр қадамың, арман, мақсат, қалауың.
Сол қалауың орындалсын алдағы,
Таудай болсын, таудай болсын талабың.
Өмір деген, ақ пен қара, ұлы сын,
Тағдырыңмен байланысты тынысың.
Тау дегенің алып тастан құралған,
Тас жүректер тас қалпынан жібісін.
Құдайым бар, суретші ғой сол шебер,
Ал адамдар берген жүкті еңсерер.
Бұл өмірде ешбір жаман адам жоқ,
Өзің жақсы, жаның таза болса егер.
Адам - адам, табиғаттың заңы бұл,
Теңеп тұрған қиялым ғой тағы бір.
Тауға ұқсап, көкке танау тартсақ та,
Таудан биік бола алмаймыз бәрібір.
Авторы: Нұрсұлтан Мейірбекұлы
Авторды белгілеуге міндеттісіз!
Инстаграм @sunadillaev
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі