Мүмкiн, менi сөгерсiң, кiнəларсың – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мүмкiн, менi сөгерсiң, кiнəларсың» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 767
Мүмкiн, менi сөгерсiң, кiнəларсың,
Жанарға жас, көңiлге мұң аларсың.
Есiгiңнен елесiм сығаласа,
Қайдан менi есiңнен шығарарсың?!
Ес жиғызбас сол ғажап елестейiн
Көкiрегiңнен елеусiз мен өшпейiн.
Екi айырған тағдырмен екеумiздi
Сен егеспе,
Мен де ендi егеспейiн.
Арамызға əзəзiл, түспей бүлiк.
Өтiп жатқан өмiрдi түстей бiлiп,
Жыласақ та жүрейiк iштей жылап,
Қуансақ та жүрейiк iштей күлiп.
Тамашамыз кеткен соң тарқап анық,
Өтер күндер өкiнiш арқаланып.
Өмiр – өзен айдынға барып құяр,
Табанында тақыр тас, малта қалып...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері